Қостанай облысы әкімдігінің
2021 жылғы «31» желтоқсандағы
№ 615 қаулысымен
бекітілген
«Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1 тарау. Жалпы ережелер
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады;
2) Қостанай облысының аумағында мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын, қолжетімділігін арттыруды қамтамасыз ету;
3) экономиканың негізгі салаларына цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмысты үйлестіру;
4) Қостанай облысының аумағында архив ісінде және құжат жасауда бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.
1) құқықтар:
заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарманың, соның ішінде соттарда құқықтары мен мүдделерін қорғауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
Басқарманың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша заңды және жеке тұлғаларға түсініктемелер беру;
қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қостанай облысы әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау.
1) «электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектілерін құрады және дамытады;
2) мемлекеттік органның архитектурасын бекітеді және оның іске асырылуы мен дамуын қамтамасыз етеді;
3) «SmartCity», ақпараттандыру және цифрландыру жобаларын дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
4) Қостанай облысы әкімдігінің мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерін толтыру, олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асырады;
5) ақпараттық технологияларды қолдану және мемлекеттік органдардың ашықтығы бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалауды арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді;
6) «Ашық үкімет» порталында ашық деректерді өзектендіру және орналастыру бойынша жұмысты үйлестіреді;
7) «Мемлекеттік органның ұйымдық дамуы» блогының «Мемлекеттік органның ашықтығы» және «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыттары бойынша Қостанай облысы әкімдігі қызметінің тиімділігінің операциялық бағаларында рейтингті арттыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
8) облыс әкімдігі қызметінің бағыттарын ескере отырып, «электрондық үкіметтің» архитектурасын дамыту және «электрондық әкімдіктің» үлгілік архитектурасын енгізу жөніндегі талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
9) ақпараттандыру мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын жүзеге асырады, консультациялық және әдіснамалық көмек көрсетеді;
10) уәкілетті органға «Мемлекеттік органның ашықтығы» бағыты бойынша мемлекеттік органның жеке және заңды тұлғалармен өзара іс-қимылын операциялық бағалау бойынша және «Мемлекеттік органды ұйымдық дамыту» блогының «Ақпараттық технологияларды қолдану» бағыты бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
11) «SmartCity» технологияларын енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында «Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» акционерлік қоғамымен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
13) ұсыныстар әзірлейді, бірыңғай тәсілді қамтамасыз етеді және кең жолақты Интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;
14) Жергілікті атқарушы органдарда ақпараттық қауіпсіздік саясатын қамтамасыз етуді бақылайды;
15) ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарының орындалуына, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы тәуекелдерді басқару, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету бөлігінде активтерді басқаруға, персоналды басқару және ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін жүргізу кезінде ақпараттық қауіпсіздік талаптарының сақталуына, ақпараттық қауіпсіздіктің сыртқы аудитін ұйымдастыруға мониторинг жүргізеді;
16) Ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыруды және мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыруды, сондай-ақ олардың анықтығы мен өзектілігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
17) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогына сәйкес байланыс операторынан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды қамтамасыз етеді;
18) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді;
19) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпарат беруді қамтамасыз етеді;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді;
21) облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі жұмыс туралы есепті мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшесіне ұсынады;
22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мониторинг жүргізеді;
23) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
24) ұйымдастыру, техникалық және ақпараттық-талдау қызметін қамтамасыз етеді, облыстың мемлекеттік органдарының ақпараттық активтері мен деректерін басқару процесін оңтайландырады, облыстың мемлекеттік органдары деректерінің сапасын қамтамасыз ету процестері үшін жауапкершілік иерархиясын құрады;
25) Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуін автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың бірыңғай тәсілін және үйлестіруді қамтамасыз етеді;
26) ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігін бағалауды арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады;
27) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
28) жергілікті атқарушы органдарды цифрландыру, автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы қаржылық есептер мен шығыстарды келіседі және үйлестіреді;
29) үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс құрылыстарын, телекоммуникация желілерін және инженерлік инфрақұрылымның басқа да объектілерін салу жоспарларын айқындайды және бекіту үшін облыс әкімдігіне енгізеді;
30) Қостанай облысының аумағында цифрландыруды дамытуды, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ең үздік шешімдерді жоспарлау мен енгізуді қамтамасыз етеді;
31) Қостанай облысының жергілікті атқарушы органдарын Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының бірыңғай көлік ортасына қосуды қамтамасыз етеді және ұйымдастырады;
32) байланыс қызметтерін ұсыну сапасы мәселесі бойынша байланыс операторларымен өзара іс-қимыл жасайды;
33) облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыстың қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың цифрландыру мәселелеріндегі өзара іс-қимылын үйлестіреді;
34) цифрландыру жобаларының элементтерін іске асыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
35) цифрландыру жобаларының элементтерін талдау және жетілдіру бойынша жұмыстарды талдауды, жоспарлауды және ұйымдастыруды жүргізеді;
36) сыртқы, сондай-ақ ішкі сарапшыларды тарта отырып, мемлекеттік органдар үшін салаларда қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдану жөніндегі тренингтерді, семинарларды және тұсаукесерлерді ұйымдастыруға қатысады;
37) өңірді цифрландыру жөніндегі жол картасын енгізеді және дамытады;
38) шет мемлекеттердің оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделейді;
39) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;
40) коммуналдық меншіктегі тарихи және мәдени құжаттық ескерткіштерді қорғауды, оларды сақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
41) құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;
42) Облыстың мемлекеттік архивтеріне сақтауға қабылданған Ұлттық архив қорының құжаттарын сақтауды, жинақтауды және пайдалануды ұйымдастырады;
43) Облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қоры құжаттарының мемлекеттік есебін жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Облыстың мемлекеттік архивтерінде сақталатын Ұлттық архив қорының құжаттары бойынша Дерекқордың қалыптасуын реттейді;
44) облыс аумағында орналасқан, Ұлттық архив қорын толықтыру көздері болып табылатын ұйымдарда іс жүргізудің жай-күйіне, құжаттардың сақталуына ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты және бақылауды жүзеге асырады;
45) сараптау-тексеру комиссиясының қызметін ұйымдастырады;
46) мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын қанағаттандыру үшін Ұлттық архив қорының құжаттарын пайдалануды үйлестіреді және облыс тарихы бойынша архивтік құжаттарды жинауды және қайтаруды жүзеге асырады;
47) облыстың архив мекемелерінің желісін бекітеді;
48) жеке және заңды тұлғалардың сұрауларын орындауды ұйымдастырады;
49) заңнамаға сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
1) Басқарманың қызметкерлерін, осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшысын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
2) құрылымды, құрылымдық бөлімшелер туралы ережелерді және Басқарма қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
3) міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын бекітеді;
4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Басқарманың атынан өкілдік етеді;
5) бірінші қол қою құқығына ие;
6) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты болады;
7) Басқарма қызметкерлерінің орындауы үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
8) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген басқарма қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйым басшысына көтермелеу, материалдық көмек көрсету шараларын қабылдайды және тәртіптік жаза қолданады;
9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
4 тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5 тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату