
Цифрландыру және ақпараттық қауіпсіздік бөлімі (бұдан әрі - бөлім) «Қостанай облысы әкімдігінің ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі-Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Басқарма туралы Ережені, сондай-ақ бөлім Ережесін басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Басқарма басшысы бекітеді.
Бөлімнің функциялары мен міндеттеріне стратегиялық даму жоспарын іске асыру менеджментін жүзеге асыру; облыс әкімдігінің салалық басқармаларының, облыс қалалары мен аудандары әкімдіктерінің, басқа да мүдделі ұйымдардың цифрландыру мәселелерінде өзара іс-қимылын үйлестіру; экономиканың базалық салаларын цифрландыру элементтерін енгізуге бағытталған ұйымдастыру мәселелерін шешу; цифрландыру жобасының элементтерін талдау, жоспарлау және талдау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау; аймақты цифрландыру бойынша жол картасын енгізу және дамыту кіреді.