
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізеді; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету процесін оңтайландыруды қамтамасыз етеді; «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы облыстың жергілікті атқарушы органдары көрсететін мемлекеттік қызметтер көрсетуді аудару бойынша ұсыныстар әзірлейді; мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы халықтың хабардар болуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді; Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады; жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізілімінен өзгерістер немесе толықтырулар енгізу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алып тастау тұрғысынан мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамалық актілерге тұрақты негізде мониторинг жүргізеді; облыстың жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бөлігінде жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Тізіліміне өзгерістер немесе толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлейді; мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Регламенттерін әзірлеу мен бекітуге бақылауды жүзеге асырады; жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мониторингін жүзеге асырады; мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу кезінде үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді; жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерін көрсетуді автоматтандыратын ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану жөніндегі іс-шаралардың біріңғай тәсілін және үйлестірілуін қамтамасыз етеді; жергілікті атқарушы органдар электрондық форматта көрсететін мемлекеттік қызметтердің түрлері мен пайдаланушыларының үлесін аудару және ұлғайту жөніндегі іс-шараларды бақылайды; ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процесін автоматтандыру бойынша ұсыныстар әзірлейді.