GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Комитет туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Байланыс ақпараты
Все материалы
21 октября 2026
1,1 мыңнан астам тұрғын алғаш рет орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су шаруашылығы комитеті Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы үш ауылды орталықтандырылған сумен қамтамасыз ететін топтық су құбырын салу жобасын аяқтады.

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары міндетін атқарушы Булан Тұрлыбеков пен Сандықтау ауданының әкімі Серік Құдабай нысанды іске қосу рәсіміне қатысты.

Бұған дейін орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне қосылмаған Красная Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарының тұрғындары үшін бұл көптен күткен қуанышты оқиға. Енді олардың үйлеріне орталықтандырылған жүйе арқылы ауызсу жеткізіледі.

Жоба аясында 22,1 шақырым су құбыры тартылып, екі су жинау ұңғымасы бұрғыланды. Сондай-ақ су жинау алаңы және сорғы станциялары бар екі су құбыры нысанының алаңы салынды.

02 октября 2026
Астанада CAWEC жобасын басқару жөніндегі Өңірлік комитеттің алғашқы отырысы өтті

Су шаруашылығы комитеті төрағасының м.а. - Нұрбек Нұржанұлы Серіков Cawec Жобасын басқару жөніндегі өңірлік комитеттің бірінші отырысына қатысты.

Central Asia Water and Energy Program - Дүниежүзілік банктің қолдауымен Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитеті іске асыратын, су және энергетикалық ресурстарды басқаруды жақсартуға, сондай-ақ Орталық Азиядағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өңірлік бағдарлама.

Отырыс қорытындысы бойынша Орталық Азия елдерінің су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі өңірлік ынтымақтастық жобасын басқару жөніндегі өңірлік комитеті туралы ереже бекітілді.

Сондай-ақ, CAWEC жобасын 2026 жылдың 1 тамыз бен 2027 жылдың 30 маусым аралығында іске асыру жоспары бекітілді.

 

18 сентября 2026
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысындағы сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты.

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Ақмола облысындағы сумен жабдықтау нысандарын салу және реконструкциялау жұмыстарының барысымен танысты. Целиноград ауданында министр Покровка жерасты су кен орнынан Талапкер және Қажымұқан ауылдарына дейінгі су құбырының құрылысы барысын көрді. Жоба аясында Төңкеріс ауылын орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету және Арайлы ауылының сумен жабдықталуын жақсарту да көзделген. Қорғалжын ауданында Нұржан Нұржігітов Нұра топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Бірінші кезек аясында жаңа су алу құрылысы мен топтық су құбырының бас құрылыстарын салу, сондай-ақ Ақмола облысының Егіндікөл және Қорғалжын аудандарындағы 21 ауылды тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін ұзындығы 162 км магистральдық су құбырын және ұзындығы 22,4 км пайдалану жолдарын салу көзделген. Қазіргі уақытта су сынақ режимінде берілуде. Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдардың өтініші бойынша жаңа су құбырына алты ауылды қосу жұмыстары жүргізілді. Екінші кезек аясында Қорғалжын ауданының ауылдық елді мекендерін тұрақты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету мақсатында магистральдық су құбырынан алты ауылға тармақтар және екі ауылға су құбыры құрылыстарының алаңдарын салу қарастырылған. Нұра топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын. Барлық іс-шараларды толық орындау 2026–2027 жылдары жоспарланып отыр. Бұдан кейін министр «Алва» лимандық суару жүйесінің бас құрылысын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Жоба нысанды күрделі жөндеуді, автоматтандырылған су төгетін құрылғы орнатуды және бас құрылысқа іргелес жер бөгеттерін қалпына келтіруді көздейді. Бүгінде қақпаларды орнату, еңістерді және темірбетон конструкцияларын күшейту жұмыстары аяқталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын толық аяқтау жыл соңына дейін жоспарланған. Жобалардың іске асырылу барысы, атқарылып жатқан жұмыстар және негізгі көрсеткіштер туралы Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасарлары Нұрбек Сериков пен Әділбек Аубакиров баяндады.

Су шаруашылығы құрылыстарын және ирригациялық жүйелерді дамыту
18 сентября 2026
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау жобасының іске асырылу барысымен танысты.
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Астана қаласының қорғаныс бөгетін реконструкциялау жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жоба аясында бөгетті ұзарту, автоматты су ағызу құрылысын, сондай-ақ су жеткізу және су бұру каналдарын салу жоспарланған.
 
Кейін министр Преображенский гидроторабына барып, қосымша автоматты су ағызу нысанын салуға дайындық барысын және гидроторапты механикалық тазарту жұмыстарын көрді.
 
Сондай-ақ Астана су қоймасындағы ахуал қаралды. Нысан құрылыстарын реконструкциялау және жаңғыртуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп, қазіргі уақытта «Мемсараптама» РМК-да қаралуда.
 
Жобалардың іске асырылу барысы, атқарылған шаралар мен негізгі көрсеткіштер жөнінде Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков баяндама жасады.
 
04 сентября 2026
Ақмола облысында Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылысы барысы тексерілді

Комитет төрағасының орынбасары Ә. Әубәкіров Ақмола облысы Целиноград ауданындағы Талапкер, Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін салу объектісіне барды. Сапар барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының ағымдағы барысы қаралып, жекелеген учаскелерге және су тазарту станциясының ғимаратына тексеру жүргізілді. Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымға жұмыстардың қарқынын жеделдету, объектілерді қажетті материалдармен және техникамен қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

25 августа 2026
Ақмола облысының үш ауылында топтық су құбырын салу жұмыстары аяқталуға жақын

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары
Ә. Әубәкіров Ақмола облысы Сандықтау ауданындағы Қызыл Поляна, Петриковка және Арбузинка ауылдарында топтық су құбырын салу нысанына барды.

Бұған дейін аталған елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі болмаған. Жобаны іске асыру нәтижесінде үш ауылдың тұрғындары алғаш рет орталықтандырылған ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Қазіргі уақытта ұзындығы 22,1 км болатын су құбыры, су алу құрылысы және су құбыры құрылыстарының екі алаңы салынды. Қажетті су дебитін қамтамасыз ету үшін қосымша екі ұңғыма бұрғыланды.

Қазіргі таңда ауылдарға су берілді. Нысанды іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Нысанға бару барысында Ә. Әубәкіров оның қазіргі жағдайымен танысып, жауапты тұлғаларға барлық жоспарланған жұмыстарды уақтылы аяқтап, нысанды пайдалануға беруді тапсырды.

24 августа 2026
Төраға орынбасары Ә. Әубәкіров Целиноград ауданындағы сумен жабдықтау нысандарының құрылысы мен реконструкциясының барысын тексерді

Комитет төрағасының орынбасары Ә. Әубәкіров Нұра топтық су құбырын реконструкциялау объектісіне, сондай-ақ Целиноград ауданының Талапкер, Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесін салу объектісіне барды. Жұмыс сапары барысында құрылыс-монтаждау жұмыстарының ағымдағы барысы қаралып, учаскелерге тексеру жүргізілді, сорғы ұңғымаларының жай-күйі және пайдалану жұмыстарының орындалу барысы тексерілді. Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жұмыстардың қарқынын арттыру, объектілерді қажетті материалдармен және техникамен қамтамасыз ету бойынша тиісті тапсырмалар берілді.

31 июля 2026
Төраға А. Жақанбаев Солтүстік Қазақстан облысындағы Соколов және Преснов топтық су құбырларының құрылыс барысын тексерді.

Төраға А. Жақанбаев жұмыс сапары аясында Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар және Есіл аудандарында болып, Соколов және Преснов топтық су құбырларындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының барысымен танысты.

Нысандарды аралау барысында Төраға құрылыс жұмыстарының қазіргі қарқынын бағалап, мердігер ұйымдардың өкілдерімен жұмыс кеңесін өткізді. Кеңес барысында жобаларды іске асыру кезінде туындаған өзекті мәселелер қаралып, оларды жедел шешу жолдары талқыланды.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша құрылыс қарқынын күшейту, анықталған кемшіліктерді уақытылы жою және барлық жұмыстарды бекітілген кестеге сәйкес мерзімінде аяқтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Соколов және Преснов топтық су құбырлары жобаларын іске асыру Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарын сапалы әрі сенімді ауыз сумен қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалу барысы тұрақты бақылауда.

30 июля 2026
Комитет төрағасы А. Жақанбаев Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нысандарын, сондай-ақ Нұра топтық су құбырын реконструкциялау нысандарын аралады.

Комитет төрағасы А. Жақанбаев Целиноград ауданының Талапкер және Қажымұқан ауылдарын сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс нысандарын, сондай-ақ Нұра топтық су құбырын реконструкциялау нысандарын аралады.

Жұмыс сапарлары барысында ағымдағы жылға жоспарланған құрылыс-монтаждау жұмыстарының іске асырылу барысы қаралды. Мердігер ұйымдардың, техникалық және авторлық қадағалау өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізіліп, онда құрылыс қарқынын жеделдету және жұмыстардың белгіленген мерзімде орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар талқыланды.

Сонымен қатар, Комитет төрағасы құрылыс-монтаждау жұмыстары орындалған учаскелерді аралап, жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Жұмыс сапарларының қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға жоспарланған жұмыстардың сапалы әрі уақтылы орындалуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

16 июля 2026
А. Жақанбаев пен Н. Серіков Астана су қоймасы мен Астана қорғаныс бөгетін жаңғырту нысандарындағы баспасөз турына қатысты

Төраға А. Жақанбаев пен төраға орынбасары Н. Серіков бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған Астана су қоймасы мен Астана қорғаныс бөгетін жаңғырту нысандарына ұйымдастырылған баспасөз турына қатысты.

Баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері Астана су қоймасының гидротехникалық құрылыстарын жаңғырту жобасының іске асырылу барысымен, сондай-ақ Астана қорғаныс бөгетіндегі апаттық су тастағыш пен су бұру арнасының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Журналистерге жобаларды іске асыру кезеңдері, олардың техникалық ерекшеліктері және елорданың су қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Аталған нысандарды жаңғырту – су шаруашылығы инфрақұрылымының сенімділігін арттыруға, елорданы су тасқыны қаупінен қорғауға және тұрақты су қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды жобалардың бірі.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы