31 қаңтар 1 ақпан аралығында Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Н. Н. Серіков Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің қарыздары шеңберінде "ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең" жобасының іске асырылу барысымен таныса отырып, Түркістан облысына барды.

31 қаңтар 1 ақпан аралығында Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Н. Н. Серіков Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің қарыздары шеңберінде "ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-кезең" жобасының іске асырылу барысымен таныса отырып, Түркістан облысына барды. Жобада Түркістан облысының Мақтаарал, Шардара және Сауран аудандарында 62,29 мың га жерді суару үшін ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру көзделіп отыр. Іске асыру 5 учаскеде жүзеге асырылады (Мақтаарал-1 А, Мақтаарал-1 Б, Мақтаарал-2, Арыс-Түркістан, Қызылқұм-1). Бүгінгі таңда орындалу көрсеткіші - 80,3 %. Сапар барысында Н. Н. Серіков мердігер ұйымдармен, "Қазсушар" РМК-мен, инженерлермен және жобаны іске асыру тобымен кездесулер өткізді. ИДЖЖ-2 жобасы шеңберінде тұрғындардың мәселелерін қарау, атап айтқанда бетондаудың қосымша учаскелерін қосу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттілігін ескере отырып, жұмыстардың кезектілігі мен басымдылығын айқындау мақсатында объектілерге шығу жүзеге асырылды.
Жұмыстың негізгі көлемін аяқтау ағымдағы жылдың соңына дейін жоспарланған.