
Су шаруашылығы комитеті төрағасының орынбасары Н.Н. Серіков Ақмола облысында құрылысы аяқталмаған су нысандарын тапсыру мәселесі бойынша Ақмола облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Б.Оспанбековпен кездесті. Кездесу барысында құрылысы аяқталмаған нысандар бойынша мәселелерді бірлесіп шешуге келісті. Алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың реті анықталды.