
Су шаруашылығы комитетінің орынбасарлары – Н.Н. Серіков пен А.Б. Әубәкіров ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Н.М. Нұржігітовтың Қызылорда облысындағы іссапарына қатысты. Іссапар барысында Арал ауданының тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру жобасының екінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, топтық су құбырлары мен басқа да гидротехникалық құрылыстарды салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру бойынша ақпараттар ұсынылды.