Сумен жабдықтау мәселесін шешу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлінді.

Сумен жабдықтау мәселесін шешу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлінді.

Сумен жабдықтау мәселесін шешу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен қаражат бөлінді.

Ақмола облысында сумен жабдықтаудың қалыптасқан қиын жағдайына байланысты құбырлардың жоғары тозуынан Егіндікөл ауданының 12 ауылын сумен жабдықтау тоқтатылды, ал Қорғалжын ауданының 11 ауылы желілердегі аварияларға байланысты тұрақты сумен жабдықтау үзілістеріне ұшырауда.

Ағымдағы жылы осы мәселені шешу мақсатында ҚР Үкіметінің резервінен келесідей жобаларды іске асыруға қаражат бөлінді:

- «Ақмола облысының ұзындығы 337 км болатын Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту, 1-ші іске қосу кешенінің 1-кезегі»;

- «Ақмола облысының ұзындығы 337 км болатын Нұра топтық су құбырын қайта жаңарту 1 кезек 2 іске қосу кешені»;

Бірінші жоба бойынша жаңа су тартқышты (ұңғымаларды) орнату, I-ші және II-ші су көтергіш сорғы станциялары бар су құбыры құрылыстарының алаңдарын, электрмен жабдықтау желілері мен қосалқы станцияларды салу көзделеді.

Екінші жоба бойынша диаметрі 100-ден 315 мм-ге дейінгі 96 км болатын құбырларды қайта жаңарту жоспарлануда.