Су шаруашылығы комитетінің төраға орынбасары А.Б. Әубәкіров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Су шаруашылығы комитетінің төраға орынбасары А.Б. Әубәкіров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барды.

Су шаруашылығы комитетінің төраға орынбасары А.Б. Әубәкіров жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, ауыз сумен жабдықтаудың келесі жобаларының іске асырылу барысымен танысты:

- «Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы бас су тартқыштан №3 сорғы станциясына дейін магистральдық су құбырының екінші желісін салу»;

- «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының «Тақыркөл» бас су қабылдағышынан №1 сорғы станциясына дейін магистральдық су құбырының екінші желісін салу";

- «Қызылорда облысы Қазалы ауданының Байқожа топтық су құбырын сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңарту»;

- «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының қолданыстағы Талап топтық су құбырын кеңейту" (5 жаңа ұңғыманы бұрғылау)»;

- «Қызылорда облысы Арал ауданы Қосаман-Ақбастуға Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырын қосу тармағын салу және Ақбасты елді мекенін сумен жабдықтау»;

- «Қызылорда облысы Арал ауданының Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры тармағының құрылысы және Тоқабай, Абай елді мекендерін сумен жабдықтау».

Сонымен қатар, іссапар барысында төраға орынбасары су мұнараларын, ысырмаларды және басқа да гидроқұрылыстар мен техникалық құрылғыларды шығарумен айналысатын "КВАНТ" Қызылорда механикалық зауытында болды.