ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТКЕН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ БАССЕЙНДЕРДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ЖҰМЫС КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСЫП, ҚАЗАҚСТАН ТАРАПЫ АТЫНАН СӨЗ СӨЙЛЕДІ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ЖЕНЕВАДА ӨТКЕН ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ БАССЕЙНДЕРДІ ДАМЫТУ БОЙЫНША ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЖАҺАНДЫҚ ЖҰМЫС КЕҢЕСІНЕ ҚАТЫСЫП, ҚАЗАҚСТАН ТАРАПЫ АТЫНАН СӨЗ СӨЙЛЕДІ.

Арсен Арманұлы Жақанбаев ағымдағы жылдың 5-6 желтоқсанында Женевада өткен Трансшекаралық су ресурстары және бассейндерді дамыту бойынша ынтымақтастықты қаржыландыру мәселелері жөніндегі жаһандық жұмыс кеңесіне қатысып, Қазақстан тарапы атынан сөз сөйледі.

Арсен Арманұлы су ресурстары біздің еліміз үшін ең маңызды екеніне мән бере отырып - Министрліктің жоспарында елдің де, еуразиялық өңірдің де су қауіпсіздігін арттыру бойынша, яғни гидротехникалық құрылыстарды салу, реконструкциялау және цифрландыру арқылы су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсартудан бастап, Қазақстанның Халықаралық Аралды құтқару қорына алдағы төрағалығы аясында Арал өңірінің экожүйесін сақтау және жақсарту жөніндегі Орталық Азия өзара іс-қимылын күшейтуге дейінгі бірқатар алдын алу шаралары тұрғандығы айтылды. Осы іс-шара аясында біздің министрлік халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен, соның ішінде жоғарыдағы жоспарланған іс-шаралар аясындағы, сондай-ақ Аралды құтқару қоры бағытындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталғанын атап өтті.

Арсен Арманұлы тұтастай алғанда, бүгінде қаржы институттарының көптеген өкілдері бар екенін ескере отырып, жоспарларымызбен қысқаша таныстырды. Олар Халықаралық Аралды құтқару қорының атынан да, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің атынан да қызығушылық танытқан жағдайда, біз әрқашан ынтымақтастыққа дайын екендігін басшылық атынан жеткізді.