Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің міндетін атқарушы Ерболат Мақсұтханұлы Ибрайхановтың бұйрығымен Арсен Арманұлы Жақанбаев 2023 жылғы 13 қарашадан Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
Жақанбаев Арсен Арманұлы 1988 жылы 6 қарашада Алматы облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Гидролог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» ММ, Суармалы жерлер мониторингінің Алматы бойынша бөлімшесінің маманы болып бастады.
- ҚР АШМ Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының жобалаушы инженері (2012-2013);
- ҚР ҚОСРМ Су ресурстары комитетінің «Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» РММ Су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің жетекші маманы, Қарағанды қаласы (2013-2014);
- Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің бас сарапшысы, Астана қаласы (2014-2017);
- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы (2017-2018);
- ҚР ЭГТРМ Су ресурстары комитетінің Топтық су құбырларын дамыту басқармасының басшысы, Экономика, бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп басқармасының басшысы, Су ресурстарын пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, Астана қаласы (2018-2021);
- ҚР ЭГТРМ Трансшекаралық өзендер департаментінің директоры, Астана қаласы (09.2021-07.2023);
- ҚР ЭТРМ Су саясаты департаментінің директоры, Астана қаласы (07.2023-09.2023);
- ҚР СРИМ Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, Астана қаласы (09.2023-11.2023);