
Сапар барысында «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру, 2-фаза» жобасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Мақтаарал-1», «Мақтаарал-2», «Арыс» және «Қызылқұм-1» құрылыс алаңдарына бару ұйымдастырылды.
Сонымен бірге ол «Р-6» және «Қазыналық» жобаларын іске асырып жатқан мердігер ұйымдармен кеңес өткізіп, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады.
Кездесулер нәтижесінде бірнеше өндірістік түйткілдер шешімін тауып, нысандарды сапалы әрі уақытылы аяқтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.