
Комитет төрағасы А.А. Жақанбаев «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының директоры Е.Б. Әскербековпен бірге Ақмола облысында жүзеге асырылып жатқан жобаларға жұмыс сапарымен барды.
Атап айтқанда:
1. Ақмола облысындағы ұзындығы 337 шақырым болатын Нұра топтық су құбырының I кезеңі (2-ші іске қосу кешені) қайта жаңғырту жобасы;
2. Ақмола облысындағы ұзындығы 337 шақырым болатын Нұра топтық су құбырының I кезеңі (1-ші іске қосу кешені, бас құрылыстар) қайта жаңғырту жобасы.
Сапар қорытындысы бойынша бірқатар өндірістік мәселелер шешіліп, құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталуын жеделдету жөнінде тапсырмалар берілді.»