
Төрағаның орынбасары Н.Н. Серіков 15-16 мамырда Дүниежүзілік банк миссиясының сапары аясында Қызылорда облысына барды.
Іссапар барысында Н.Н. Серіков «Көкарал бөгетін сақтау және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасын іске асыру алаңына барды. Сондай-ақ ҚР Су ресурстары және ирригация министрі мен Дүниежүзілік банк өкілдеріне «Арал теңізінің солтүстік бөлігін өңірлік дамыту және қалпына келтіру - 2» жобасын әзірлеу барысы туралы баяндады.
Қызылорда облысына іссапар барысында СШК төрағасының орынбасары Қызылорда облысының Жалағаш учаскесі, ирригация мен дренажды жетілдіру жобасын іске асыру аумағында болды. Сонымен қатар, «Қызылорда облысының Әйтек, Сүнақат және Келінтөбе үш арнасын цифрландыру» жобасы бойынша техникалық мәселелерді талқылады. Сапар қорытындысы бойынша мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.