Қазақстан Республикасы Су ресурстары
және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Регламентін бекіту туралы» № 56-НҚ бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 29 қаңтардағы № 54 қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Регламентін бекіту туралы» № 56-НҚ бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің регламентінде:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Жұмыс уақытын есепке алуды Комитеттің Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасы әрбір қызметкер бойынша қол жеткізуді бақылауды басқару жүйесі (бұдан әрі – ББЖЖ) арқылы жүргізеді. Табель Комитет қызметкерлерінің жұмыста уақытша болмауы туралы күнделікті ақпарат негізінде толтырылады.
Қызметкерлер жеке шаруалары бойынша болмауын немесе жұмыс уақытындағы қызметтік шығуын «Telebook» жүйесіне (Suranu.kz бөлімі) тиісті өтінім енгізу арқылы, тікелей басшысымен міндетті түрде келісе отырып ресімдеуге міндетті.
Жұмыс уақытын есепке алу табеліне басқарма басшылары қол қойғаннан кейін ағымдағы айдың 13-і және 23-і күндеріне қарай Комитеттің Мемлекеттік активтер және бухгалтерлік есеп басқармасына беріледі.
Жұмыс уақытын есепке алудың түзету табелін Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасы Комитеттің Мемлекеттік активтер және бухгалтерлік есеп басқармасына есепті айдан кейінгі айдың үшінші жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Қызметкер уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда, қызметкер ол басталған күні кез келген қолжетімді тәсілмен (телефон, мессенджер, электрондық пошта) тікелей басшысына уақытша еңбекке жарамсыздығы туралы хабарлауға міндетті.
Қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңі аяқталғаннан кейінгі бірінші жұмыс күні (уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жұмысқа шығу күні не еңбекке жарамсыздық мерзімі аяқталған күнге дейін) тікелей басшысы қол қойған уақытша еңбекке жарамсыздық парағын Комитеттің Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасына ұсынуға міндетті.
Жәрдемақы төлеу үшін ұсынылған уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары Комитеттің Мемлекеттік активтер және бухгалтерлік есеп басқармасына өткізіледі.
Жұмыс берушіні хабардар етпестен және растаушы құжатсыз жұмыс орнында болмау еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылуы мүмкін.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Президент Әкімшілігінен және Үкімет Аппаратынан келетін хат-хабарларды қоспағанда, барлық келіп түсетін хат-хабарларды Комитеттің Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасының қызметкерлері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін ОДО электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы, қағаз жеткізгіште және электрондық пошта арқылы қабылдайды.»;
164-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде Министрлікке жіберіледі және Комитеттің ресми ақпараттық ресурстарында орналастырылады.»;
165-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«165. Қабылдауға жазылуды Комитеттің Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасының қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлері күн сайын сағат 08:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан 17:30-ға дейін, мерекелік және демалыс күндерінен басқа, «Е-өтініш» жүйесінде берілген өтініш, қағаз форматтағы өтініштер, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін немесе Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасының қызметкеріне ауызша нысанда айтылған өтініштер, сондай-ақ Министрліктің ресми сайтында көрсетілген қызметтік телефон (8 (7172) 74-11-39, 74-01-45) арқылы түскен өтінімдер негізінде жүргізеді. Бұл ретте Өтініш берушіге азаматтарды қабылдау қорытындысы бойынша орындалуын одан әрі бақылау үшін «Е-өтініш» арқылы қабылдауға жазылу тәртібі түсіндіріледі.»;
218-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«218. Персоналмен жұмысты ұйымдастыруды және кадрлық шешімдерді ресімдеуді Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасы жүзеге асырады.»;
220-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«220. Мемлекеттік қызметшілердің кадр мәселелері бойынша құжаттар «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде ресімделеді, техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын және мемлекеттік қызметші болып табылмайтын жұмыскерлердің кадр мәселелері бойынша құжаттар жұмыс күндері сағат 8.00-ден 17.30-ға дейін кадр қызметіне қағаз жеткізгіште енгізіледі.»;
223-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«223. Арнайы тексерудің оң нәтижесі алынған кезде Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасы арнайы тексеру нәтижелері алынған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде адамды мемлекеттік лауазымға қабылдау туралы бұйрықты ресімдейді.»;
22-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өте құпия және құпия мәліметтерге рұқсатты ресімдеу.»;
239-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«Іссапарға жіберу туралы бұйрықтар жетекшілік ететін Комитет төрағасының орынбасарларының немесе Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының Комитет төрағасының атына жолданған қызметтік жазбалары негізінде «Е-қызмет» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.
Қызметтік жазбада: қызметкердің деректері, іссапардың мақсаты, орны мен мерзімі; іссапар кезеңіндегі жоспарланған жұмыс режимі; демалыс және (немесе) мереке күндері жұмыс істеу қажеттілігі (болған жағдайда); мұндай күндері жұмысқа тартудың негіздемесі; төленуге жататын шығыстар көрсетіледі.
Іссапар кезеңінде демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен жол беріледі.
Егер демалыс немесе мереке күні жұмыс істеу қажеттілігі іссапар барысында туындап, бұрын көзделмеген болса, тікелей басшы 1 (бір) жұмыс күні ішінде Әкімшілік-кадр жұмысы басқармасына мынадай мәліметтер көрсетілген қосымша қызметтік жазба ұсынуға міндетті: жұмыс істеген күні мен уақыты; орындалған жұмыстардың сипаты; жұмысқа тартудың негізі.
Қызметкерді демалыс немесе мереке күні жұмысқа нақты тарту туралы мәліметтердің дұрыстығы үшін жауапкершілік қызметтік жазбаны бастамашылық еткен тікелей басшыға жүктеледі.»
247-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қосымша уақыттағы жұмыс туралы қызметтік жазбаларды жұмыс күні алдын ала немесе тікелей үстеме жұмысқа (демалыс немесе мереке күндері жұмысқа) тартылған күні сағат 17:00-ге дейін жіберу қажет.»;
28-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«28-тарау. Комитет қызметкерлерінің электрондық кадрлық құжат айналымын жүргізуі туралы».
261-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«261. Қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу Комитет төрағасының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Қызметкерлерге сыйлықақы беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу төрағаның не оны алмастыратын адамның бұйрығымен басқарма басшыларының, лауазымға тағайындау және лауазымнан босату құқығы бар адамдардың немесе Комитет төрағасы айқындайтын адамдардың жазбаша ұсынысы негізінде жүзеге асырылады.»;
263-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«263. Осы Регламенттің 261-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес қызметкерлерге сыйлықақы беру лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны, белгілі бір кезеңдегі жұмыс нәтижелері, шұғыл орындалуына болашақта тұтастай Комитеттің немесе оның жекелеген бөлімшелерінің қалыпты (үздіксіз) жұмысы байланысты болатын шұғыл және алдын ала болжанбаған жұмыстарды орындағаны, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Заң жобалау жұмыстары жоспарының іс-шараларын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындағаны, егер бұл өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмейтін болса, заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлегені үшін және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша сыйлықақы беру мереке күндеріне, мерекелік және мерейтойлық күндерге, қызметкерлердің мерейтойларына орайластырылуы мүмкін.»;
264-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«264. Сыйлықақы беру мыналарға бөлінеді:
1) біржолғы (заңнамада айқындалған мемлекеттік, ұлттық, кәсіби және өзге де мерекелерге және мерейтойлық күндерге);
2) жыл қорытындысы бойынша (ағымдағы жыл ішінде атқарылған жұмысы үшін).»;
268 және 269-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«268. Қызметкерге мынадай жағдайларда сыйлықақы берілмейді:
2) Комитеттің, оның аумақтық органдары мен бөлімшелерін қоса алғанда, сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге күнтізбелік отыз күннен аз жұмыс істеген (еңбегіне ақы төлеу «Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 қбп қаулысы негізінде жүзеге асырылатын) қызметкер ретінде жұмыс істеген жағдайда, мемлекеттік органға басқа мемлекеттік органның, оның ішінде таратылған (жойылған) немесе қайта ұйымдастырылған мемлекеттік органның функциялары мен өкілеттіктері және (немесе) штат бірліктері берілуіне байланысты лауазымдарға қайта тағайындалған жағдайларды қоспағанда;
3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде;
4) оның жалақысы сақталмайтын демалыстан, оқу демалысынан және бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыстан шыққан жағдайларда, егер олардың ұзақтығы алты және одан да көп айды құраса, егер сыйлықақы төлеу туралы шешім қабылданған күнге ол күнтізбелік отыз күннен аз жұмыс істесе;
5) арнайы тексеруден өту кезеңінде арнайы тексеру нәтижелері алынғанға дейін.
Сыйлықақы берілуге тиіс және берілмейтін қызметкерлер бойынша ақпаратты кадр қызметі үнемдеу сомасы анықталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде қаржы қызметтеріне ұсынады.
Біржолғы және жұмыс қорытындысы бойынша сыйлықақыларды есептеу іс жүзінде жұмыс істеген уақытты ескере отырып жүзеге асырылады. Іс жүзінде жұмыс істеген уақытқа қызметкердің жалақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты және уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты жұмыста болмаған уақыты кірмейді.
Қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты болмаған және (немесе) жалақысы сақталмайтын демалыста болған кездегі шегерімнің жалпы сомасы сыйлықақы сомасының 30%-ынан аспауы керек.
Мерейтой иелерінен басқа, қызметкерлерге сыйлықақы беру мәселесін Сыйлықақы беру, үстемеақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) қарастырады.
Сыйлықақы беру, үстемеақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету туралы ұсыныстарды қарау жөніндегі шешім Комиссия хаттамасымен ресімделеді.
1) өзінің негізгі жұмысынан босатылмай, қысқартылған қызметкерлердің және (немесе) бос/уақытша бос лауазымдардың функцияларын орындау;
2) өзінің негізгі жұмысынан босатылмай, уақытша болмаған қызметкерлердің міндеттерін (функцияларын) орындау. Басқарма басшысының міндеттерін Басқарманың бас сарапшысына (сарапшысына) жүктеген жағдайда, қосымша ақы алмастырушы қызметкердің лауазымдық айлықақысының 30%-ынан аспайтын мөлшерде төленеді;
3) оған кеңейтілген міндеттер шеңберін жүктеу;
4) жоғары кәсіби деңгеймен және құзыреттілікпен ұштасатын жеткілікті тәжірибені (өтілді) және жұмыс дағдыларын іс жүзінде сәтті қолдану;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтері бар құжаттармен жұмыс істеуіне, олардың орындалу көлеміне байланысты;
6) қызметкерді осы мемлекеттік органда еңбек міндеттерін атқаруына байланысты алған мертігуіне, кәсіптік ауруына немесе денсаулығының өзге де зақымдануына байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенге дейін немесе мүгедектігі белгіленгенге дейін, сондай-ақ органның басқару құрылымының өзгеруіне байланысты ауыстырылған (тағайындалған) күннен бастап бір жылға дейін төмен ақы төленетін лауазымға ауыстыру (тағайындау).»;
271 және 272-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«271. Қызметкерге оның бір лауазымдық айлықақысы мөлшерінде материалдық көмек көрсету мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
1) оның жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары қайтыс болғанда;
2) некеге тұрғанда;
3) баласы туғанда, балаларды асырап алғанда;
4) оның қосымша қаржылық шығындарды талап ететін еміне (санаторийлік емдеуден басқа, он және одан да көп күнтізбелік күн стационарлық немесе амбулаториялық емделу);
5) оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалуы салдарынан (қарақшылық, ұрлық және басқалар), сондай-ақ дүлей зілзалалар (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан мүліктік зиян келтірілгенде;
6) зейнеткерлікке шыққанда.
Қызметкерге материалдық көмек көрсету Комитетте жұмыс істеген кезеңінде аталған жағдайлар туындаған кезде жүзеге асырылуы мүмкін.
Материалдық көмек төлеу, төлем жүзеге асырылған күнге қызметкер еңбек қатынастарында болған жағдайда, қызметкер өтініш берген күннен бастап бір жыл ішінде жүзеге асырылады.
Материалдық көмек көрсету туралы өтініш осы Регламенттің 271-тармағында көзделген жағдайлар басталған күннен бастап екі ай ішінде беріледі, осы Регламенттің 271-тармағының 6) тармақшасында көрсетілген жағдайды қоспағанда, бұл жағдайда өтініш ол басталғанға дейін бір айдан кешіктірілмей беріледі.».
Су шаруашылығы
комитетінің төрағасы