1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитеті төрағасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 56-НҚ бұйрығына 2026 жылғы 12 қаңтардағы № 1 хаттаманың негізінде мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Регламентінде:
267-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«267. Мерейтойлық күндерге (50,55,60 жыл) байланысты сыйақы төлеу мерейтой иесінің бір лауазымдық айлық жалақысы мөлшерінде үнемделген қаражат есебінен төленеді
271-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«271. Қызметкерге ауыр материалдық жағдайына байланысты материалдық көмек көрсету оның бір лауазымдық айлық жалақысы мөлшерінде мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туыстарының (жұбайының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы, қайтыс болу туралы куәліктің, сондай-ақ туыстық қатынастарды растайтын құжаттардың көшірмелері ұсынылған жағдайда;
2) некеге тұру кезінде – неке қию туралы куәліктің көшірмесін ұсынылған жағдайда
3) бала туғанда туу туралы куәліктің көшірмесін, бала немесе қыз асырап алған кезде баланы (қызды) асырап алу туралы шешімді ұсынған кезде
4) қосымша қаржылық шығындарды құжаттамалық растамасын (фиксалдық чек, шот-фактуралар, дәрігердің рецептілері) ұсынған кезде, қосымша қаржылық шығындарды талап ететін (санаторий-курортық емдеуден басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам) емдеу жүргізілген кезде
5) қызметкерге оның құқыққа қайшы әрекеттеріне (қарақшылық, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзалалар мен форс-мажорлық мән-жайларға қатысты, соның салдарынан қызметкер құжаттамалық растауды (құқық қорғау органдарының және мүліктік зиян келтірілгенін растайтын өзге де уәкілетті органдардың қаулыларын) ұсынған кезде елеулі шығындарға ұшырағаны салдарынан мүліктік зиян келтіру кезде
6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің жиынтық-талдамалық және жалпы мониторинг басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің құрылымдық бөлімшелері Регламентте белгіленген тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.