1. «Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті Төрағасының 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 56-НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің Регламентінде:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Жұмыс тәртібі Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.
Комитетте келесі жұмыс режимі белгіленеді: жұмыстың басталуы
8 сағат 00 минутта, аяқталуы 17 сағат 30 минутта. Түскі асқа үзіліс
13 сағат 00 минуттан бастап 14 сағат 30 минутқа дейін».
Бұл ретте, басқарма басшыларының келісімі бойынша қызметкерлерге олардың таңдауы бойынша мынадай нұсқаларға сәйкес икемді жұмыс режимі белгіленуі мүмкін:
1) жұмыстың басталуы 8 сағат 30 минут, аяқталуы 17 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 00 минутқа дейін.
2) жұмыстың басталуы 8 сағат 30 минут, аяқталуы 18 сағат 00 минут. Түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 14 сағат 30 минутқа дейін.
3) жұмыстың басталуы 8 сағат 30 минут, аяқталуы 18 сағат 30 минут. Түскі үзіліс 13 сағат 00 минуттан 15 сағат 00 минутқа дейін.
Икемді жұмыс уақытының режимі Комитет қызметкерлері үшін - Комитет төрағасының не оның міндетін атқарушы адамның бұйрығымен белгіленеді.
Қызметкердің кіруі және шығуы сәйкестендіру картасы және (немесе) Face ID арқылы Министрліктер үйінің кіреберістері арқылы жүзеге асырылады. Жұмыс
уақытын есепке алудың компьютерлік дерекқорының мәліметтері белгіленген жұмыс режимінің сақталуын тексеру үшін негіз болып табылады.
Министрліктер үйінің ғимаратына бөгде адамдардың кіруі қызметтік мақсатта бір жолғы рұқсаттама немесе тізім бойынша жүзеге асырылады. Ғимаратқа кіру туралы шешімді Комитет төрағасы орынбасарының деңгейінен төмен емес лауазымды адам, ал шетелдік азаматтар үшін Мемлекеттік құпияларды қорғау басқармасының алдын ала келісімі бойынша қабылдайды».
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің жиынтық-талдамалық және жалпы мониторинг басқармасы осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 13 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.