Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат

Мемлекет жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында бірқатар шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету, жеңілдетілген несиелер беру, субсидиялау, кепілдендіру тетіктерін енгізу, сондай-ақ салықтық және әкімшілік жүктемені азайту бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық және ақпараттық қолдау көрсетіліп, олардың біліктілігін арттыруға арналған оқыту бағдарламалары ұйымдастырылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруға қолайлы жағдай жасау, инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік қызметтерді цифрландыру арқылы бизнес жүргізу рәсімдерін жеңілдету де мемлекеттік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

Мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлік белсенділікті арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, экономиканың тұрақты өсуін қамтамасыз етуге және отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге бағытталған.

Дата публикации
04 июня 2026