Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы комитеті» РММ-де (бұдан әрі – Комитет) жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы ақпарат.

Ақпарат

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы комитеті» РММ-де (бұдан әрі – Комитет) жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындылары туралы

2025 жылғы 28 тамыздағы №29-Т тапсырмаға сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің (бұдан әрі – ІМАК) төрағасы Е.Т. Мынжасаров қол қойған тапсырма негізінде аудит жүргізілді.

Анықтама үшін:

Қазақстан Республикасының статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органында 2025 жылғы 2 қыркүйекте №2510000001705012/00033 нөмірімен тіркелген.

2025 жылғы 2 қыркүйек пен 15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су шаруашылығы комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Комитет) қатысты тексеру жүргізілді.

Тексеру кезеңі: 2023 жылғы 1 қаңтардан 2025 жылғы 30 маусымға дейін.

Ішкі мемлекеттік аудиттің мақсаты мен нысанасы – су шаруашылығы, ерекше қорғалатын су ресурстарын молықтыру және пайдалану саласындағы сәйкестік мемлекеттік аудиті.

Аудит нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды, олар берілген нұсқамаға сәйкес жойылатын болады.

Мемлекеттік аудит көрсеткіштеріне сәйкестігі тұрғысынан аудит объектісі қызметіне бағалау жүргізілді.

Сәйкестік мемлекеттік аудиті шеңберіндегі маңыздылық көрсеткішін бағалау Комитеттің су шаруашылығы, ерекше қорғалатын су ресурстарын молықтыру және пайдалану саласындағы қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып жүзеге асырылғанын көрсетті.

Бұл өз кезегінде жүктелген функциялардың тиісінше орындалмағанын айғақтайды және анықталған ауытқуларды жою бойынша жедел шаралар қабылдауды талап етеді.

Дата публикации
12 мая 2026