Бас прокуратураның тексерісі

Анықтама

Су шаруашылығын басқару саласындағы
Бас прокуратура тексеруінің нәтижелері туралы

Бас прокуратураның жұмыс жоспарының 7-тармағын орындау мақсатында Бас прокуратура қызметкерлерімен Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы комитетінің (бұдан әрі – Комитет) 2020–2024 жылдары су шаруашылығы құрылыстарын салуға, реконструкциялауға және жөндеуге бөлінген бюджет қаражатының заңды жұмсалуына қатысты қызметіне тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында Комитет қызметінде бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды.

Тексеру су шаруашылығы саласында жүйелі проблемалар мен бұзушылықтардың сақталып отырғанын көрсетті.

Негізгі себептер ретінде жобаларды жоспарлау және іске асырудың ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктерінің жетілмегендігі, сондай-ақ басқарушылық шешімдерді қабылдау кезіндегі кемшіліктер мен қателіктер аталып өтті, бұл жоғары сыбайлас жемқорлық және бюрократиялық тәуекелдерді туындатады.

Нәтижесінде көрсетілген проблемалар ұзақ уақыт бойы шешімін таппай, бір мемлекеттік бағдарламадан екіншісіне ауысып отырған, соның салдарынан қаржыландыру көлемі жыл сайын ұлғайған.

Осы саладағы жинақталған проблемалар мен теріс тәжірибені ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 5 ақпандағы қаулысымен Қазақстан Республикасының су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.

Тұжырымдаманы табысты іске асыру үшін үйлестірілген мемлекеттік саясат жүргізу, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ басқару және қаржыландыру тетіктерінің тиімділігін арттыру қажет.

Анықталған заң бұзушылықтарды, сондай-ақ олардың туындауына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою мақсатында заңдылықты бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізілді.

Дата публикации
12 мая 2026