Меню

Страницы

Статья

Теміржол көлігі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті бекіту туралы

ҚР Көлік министрлігінің Көлік комитеті, «Кәсіптік біліктілік туралы» ҚР Заңын іске асыру шеңберінде Теміржол көлігі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңестің (бұдан әрі – Салалық кеңес) құрамын бекітуді жоспарлауда, ол консультативтік-кеңесші орган ретінде салалық біліктілік шеңберлерін бекітетін болады, кәсіптік стандарттарды және кәсіптер тізіліміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстарды, сондай-ақ кәсіптік біліктілікті тану шарттары бойынша ұсыныстарды келісетін болады.

Жоғарыда жазылғанның негізінде, Салалық кеңестің құрамын қалыптастыру және бекіту үшін мыналады ұсынуды сұраймыз:

1) жазбаша өтініш (қосымшадағы нысанға сәйкес);

2)  Теміржол көлігі саласындағы жұмыс тәжірибесін растайтын құжат (ҚР Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес).

Бұл ретте Салалық кеңестің құрамына:

- мемлекеттік органның;

- ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;

- Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық органның;

- жұмыс берушілердің;

- салалық кәсіптік одақтардың;

- жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің (қауымдастықтардың, одақтардың);

- Теміржол көлігі саласындағы білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу орындарының екеуден аспайтын өкілі іріктелетін болады.

Салалық кеңестің құрамына енгізу үшін кандидатуралар бойынша ұсыныстарыңызды 2023 жылғы 20 қазанға дейін a.sharip@miid.gov.kz электрондық адреске немесе 010000, Астана қ., Қабанбай батыр даңғылы 32/1 пошталық мекенжайға жолдауды сұраймыз.

Дата публикации
18 октября 2023
Дата обновления
18 октября 2023
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Хабарлама
18 октября 2023
Теміржол көлігі саласындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңесті бекіту туралы
Баспасөз релиздері
10 августа 2022
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу турал баспасөз релизі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы