Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің құрылымына өз құзыреті шегінде автомобиль, теміржол және су көлігі саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті және оның 20 аумақтық көліктік бақылау инспекциялары кіреді.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу мақсатында Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы және ішкі талдау жүргізіледі.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қозғайтын құқықтық және өзге де актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ұйымдық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою жөнінде шаралар қабылданады.
Осыған байланысты, Сіз Комитеттің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге, сондай-ақ 87172-98-36-08, 87172-98-35-99 сенім телефондары арқылы көліктік бақылау органдарында Сізге белгілі сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы хабарлауға құқылысыз.