Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.nugmanov@transport.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Нұғманов Амангелді Шайхуллаұлы
Kөліктік бақылау комитетінің төрағасының орынбасары
Карьера

А.Ш. Нугмановтың еңбек жолы 1982 жылдан басталады. Жалпы еңбек өтілі 40 жылдан астам уақытты құрайды.

Кандидат еңбек қызметі барысында ауыл шаруашылығы, кедендік бақылау, мемлекеттік басқару, ішкі мемлекеттік аудит, жергілікті мемлекеттік басқару, квазимемлекеттік сектор және заң шығару қызметі салаларында еңбек етіп, жоғары және жауапты басшылық лауазымдарды атқарған.

Еңбек жолының елеулі бөлігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарындағы қызметпен байланысты.

Атап айтқанда, совхоз көлемінде агроном-есепші, аудан көлемінде жетекші агроном, Ауданның Жастар комитетінің Төрағасы, Кеден органдарында инспектордан бастап басшылық лауазымдарға дейін қызмет атқарып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінде басқарма бастығының орынбасары, департамент бастығының орынбасары, басқарма бастығы, сондай-ақ Астана қаласы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар облыстары бойынша Кедендік бақылау департаменттерінің басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық әл-ауқат қоры «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамында басқарушы директор - Басқарма мүшесі қызметін атқарып, корпоративтік байланыстар, инвестициялар тарту, заң және кадрлық қызмет бағыттарына жетекшілік еткен.

Кейінгі қызметтік кезеңінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Ревизиялық комиссияның төрағасы, Астана қаласы және Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменттерінің басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облыстық мәслихатының төрағасы лауазымдарын атқарған.

2023 жылғы 25 қаңтардан 2026 жылғы 1 шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты ретінде заң шығару қызметіне қатысып, мемлекеттік басқару мен қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге бағытталған заңнамалық жұмыстарды жүзеге асырған.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы