Көкпекті аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5 «Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары мен мөлшерін бекіту туралы»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Көкпекті ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету Қағидалары және мөлшері осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 2 және 3-тармақтары алып тасталсын;
көрсетілген шешімнің 4-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«4. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасында Көкпекті аудандық мәслихатының күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Көкпекті аудандық мәслихатының
2020 жылғы 3 шілдедегі № 48-5/5
шешіміне 2-қосымша»;
осы шешімнің қосымшасына сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.
1) осы шешімнің «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы шешім оның алғаш ресми жарияланғаннан кейін «Абай облысы Көкпекті аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
|
Көкпекті аудандық мәслихатының төрағасы |
|
Т. Сарманов |
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 20.03.2026
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 38187 болып енгізілді
Результаты согласования
Кокпектинский районный маслихат области Абай - Руководитель отдела организационно-правовой работы и контроля Гаухар Аскеровна Смагулова, 19.03.2026 11:28:17, положительный результат проверки ЭЦП
Кокпектинский районный маслихат области Абай - Председатель Кокпектинского районного маслихата Талгат Манафович Сарманов, 19.03.2026 11:29:09, положительный результат проверки ЭЦП