Көкпекті аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 ақпандағы № 40-2 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 26желтоқсандағы № 10-13/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

cайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:

№ 379

Рахимов Куралбек Елтаевич - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Абай облысының Көкпекті аудандық филиалынан.

№ 383

Идришева Кульзира Кадилжановна - «Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысының филиалынан.

№ 387

Жақыпбеков Мерей Даньярбекұлы - «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Көкпекті аудандық комитеті» филиалынан.

№ 393

Жумаханов Кайратбек Садыбекович - Абай облысының «Жалпыұлттық социал-демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалынан.

№ 394

Рамазан Алтынай Құсайынқызы - «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Көкпекті аудандық комитеті» филиалынан.

Есмухамбетова Нургуль Турарбековна - «Қазақстанның Халық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалынан.

№ 397

Казакпаев Мерхат Вильданович - «Қазақстанның Халық Партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалынан.

  1. 2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Фахрутдинова)осы шешімнің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
  2. 3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Көкпекті аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                         Т. Сарманов

Дата публикации
23 февраля 2026