Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 26-6/3 шешімі

 

Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

cайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:

№ 399

         Нұргазин Абзал Қажимұратұлы - Абай облысының «Жалпыұлттық социал- демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалынан.

         № 403

         Құрмантаева Әлизә Қадылбекқызы - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Абай облысының Көкпекті аудандық филиалынан.

  1. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Фахрутдинова) осы шешімнің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
  2. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                         Т. Сарманов

 

Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 26-6/3 шешімі
Дата публикации
07 апреля 2025