Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 24-3/3 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы          № 29-6 «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-6 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

         Округтік сайлау комиссияларының келесі мүшелері міндеттерінен босатылсын: 

         № 10

         Катпина Асемай Амировна - «Көкпекты жастары» Жастардың патриоттық қоғамдық бірлестігінен, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.

  1. Саяси партиялар шығып кеткендердің орнына Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 2025 жылдың 6 наурызды қоса алғанда мерзімге дейін енгізсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Фахрутдинова) осы шешімнің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
  3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Т. Сарманов

Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 24-3/3 шешіміа № 24-3/3
Дата публикации
21 февраля 2025