Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 24-3/2 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық мәслихатының «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1) учаскелік сайлау комиссияларының келесі мүшелері міндеттерінен босатылсын:

№ 399

Исабаева Аружан Әсетқызы - Абай облысының «Жалпыұлттық социал- демократиялық партия» Республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.

         № 403

Байбазарова Майра Нурсадыковна – «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Абай облысының Көкпекті аудандық филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.

  1. Саяси партиялар шығып кеткендердің орнына Көкпекті ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстарды 2025 жылдың 6 наурызды қоса алғанда мерзімге дейін енгізсін.
  2. Аудандық мәслихат аппаратының басшысы (Н.Фахрутдинова) осы шешімнің орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдасын.
  3. Осы шешім қабылданған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                         Т. Сарманов

Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 24-3/2 шешімі
Дата публикации
21 февраля 2025