Көкпекті аудандық мәслихаты Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

Көкпекті аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 6 адам деп анықталған. Жұмыс тобының құрамында мемлекеттік органның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының үштен бір бөлігінен аспау керек.Азаматтық қоғамның өкілдігі жұмыс тобы мүшелерінің  жалпы  санының үштен екі бөлігінен аз емес болады және коммерциялық емес ұйымдар мен азаматардың ұсынысы негізінде жасақталады.

Көкпекті аудандық мәслихаты 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) коммерциялық емес ұйымдар мен азаматтардан жазбаша түрде, келесі құжаттармен қоса, Жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдайды:

 1) кандидатураны жұмыс тобының құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысын және (немесе) азаматтың өтінішін;

      2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

      3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

      4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

      5) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімді жібереді.

Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сенбі және жексенбіден басқа күндері, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 А, 2 қабат мәслихат кабинеті мекенжайы бойынша жүргізіледі, құжаттар қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы қабылданады n.fakhrutdinova@akimatabai.gov.kz

Өтініш нысаны

1-қосымша
Дата публикации
31 декабря 2024