Көкпекті аудандық мәслихаты Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерінің сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды

Көкпекті аудандық мәслихаты «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму Министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 «Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушыларды іріктеудің өткізілуі туралы жариялайды.

Көкпекті аудандық мәслихаты 2025 жылғы 10 қаңтарға дейін (қоса алғанда) азаматтардан  қосымшаға сәйкес нысан бойынша Көкпекті ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін сайлау бойынша конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш қабылдайды.

Құжаттарды қабылдау көрсетілген мерзімдерде күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі үзіліспен, сенбі және жексенбіден басқа күндері, Көкпекті ауылы, Шериаздан көшесі, 44 А, 2 қабат мәслихат кабинеті мекенжайы бойынша жүргізіледі, құжаттар қолма-қол немесе электрондық пошта арқылы қабылданады n.fakhrutdinova@akimatabai.gov.kz

Өтініш нысаны

Нысан
Дата публикации
31 декабря 2024