Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Көкпекті ауданы әкімінің «Көкпекті ауданы әкімінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 7 «Көкпекті ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2024 жылғы 25 шілдедегі № 3 шешіміне сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1) Сайлау комиссиясының қызметін тоқтатуға байланысты № 389 сайлау комиссиясының мүшелері өз міндеттерінен босатылсын.
2) Учаскелік сайлау комиссияларының келесі мүшелері міндеттерінен босатылсын:
№ 377
Ғалымов Әділжан Ержанұлы – «Қазақстан Халық партиясы» Қоғамдық бірлестігінің Абай облысындағы филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.
№ 399
Алимбаева Сымбат Бейсенгазиновна - «Ақ Жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.
Көкпекті аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов