Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
cайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 378
Ерикова Гулим Бауржанқызы - «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалынан.
№ 382
Баймолдина Райхангуль Капезовна - «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша өңірлік филиалынан.
№ 397
Сапарбай Айдана Нұрмаханбетқызы - «Respublica партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысынын филиалынан.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов