Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-6 «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
Округтік сайлау комиссияларының келесі мүшелері міндеттерінен босатылсын:
№ 1
Суюндукова Жанна Жакияновна – «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша өңірлік филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.
№ 2
Бақытбек Гульшат Нургазыевна – «Ауыл» Халықтық демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша өңірлік филиалынан, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.
№ 4
Сулейменова Акмарал Алибековна – «Көкпекті жастары» қоғамдық бірлестігінен, ауданнан тыс жерге кетуіне байланысты.
Көкпекті аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов