Көкпекті аудандық мәслихатының 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешімі

Көкпекті аудандық мәслихатының 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешімі

Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау

комиссияларының мүшелерін сайлау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10, 19 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 7-1) тармақшасына, аудандық мәслихаттың Регламентіне сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 1 қосымшаға сәйкес мынадай құрамда сайлансын.
  2. 30 учаскелік сайлау комиссиялары 2 қосымшаға сәйкес мынадай құрамдарда сайлансын.
  3. 3 қосымшаға сәйкес Көкпекті аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылсын.
  4. Сайлау комиссияларын құру туралы шешім бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.
  5. 5. Жаңадан сайланған комиссияларға бірінші отырысты олар құрылғаннан кейін жеті күн мерзімнен кешіктірмей өткізу ұсынылсын.
  6. Осы шешім 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                  Т. Сарманов

Көкпекті аудандық мәслихатының 26 желтоқсандағы № 10-13/1 шешімі
Дата публикации
04 января 2024