Көкпекті аудандық мәслихатының № 376 сайлау комиссиясының және 10 округтік сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы Хабар

Сайлау комиссияларының жаңа құрамын құру «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Конституциялық заң) және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

Құрылған сайлау комиссиялары Қазақстан Республикасында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органдары болып табылады.

 Көкпекті аудандық мәслихатының сессиясында 11 сайлау комиссиясының құрамына 57 мүше сайланды, оның ішінде: учаскелік - 1, округтік -10.

Үш саяси партияның ұсыныстары бойынша сайлау комиссияларының жаңа құрамына сайлау комиссияларының 23 мүшесі немесе сайланған мүшелердің жалпы санының 40,4% сайланды. Қоғамдық бірлестіктен сайлау комиссияларының 34 мүшесі немесе 59,6% сайланды.

Сайлау туралы Конституциялық заңның 10 және 20-баптарында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде сайлау комиссияларының бірінші отырысында округтік және учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары, төрағаларының орынбасарлары мен хатшылары сайланды.

Сайлау комиссияларының жаңа құрамы мен орналасқан жерлері туралы мәліметтерді Сіздердің назарларыңызға жеткізіп отырмыз.

 

 Көкпекті аудандық мәслихаты

 

VII шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-5 және 29-6 шешімімен комиссиялардың келесі құрамы сайланды.

 

№ 376 учаскелік сайлау комиссиясы

Көкпекті а., Құдайберген Нұрғалиев 14, «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Төрағасы – Бексаинова М.К., төраға орынбасары – Тлебалдина С.М., хатшысы – Деринг А.Я., мүшелері: Мерибаева Г.Т., Танысбаева А.А., Мұқанова К. С., Кунанбаев Н.Б.

№ 1 округтік сайлау комиссиясы

Көкпекті а. Абылай Хан көшесі 46,  «Көкпекті орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Төрағасы – Наурызбаева Р.А., төраға орынбасары – Суюндукова Ж.Ж., хатшысы – Туенбаева К. К., мүшелері: Шекенова Н.Ш., Курмангалиева А. Н.

№ 2 округтік сайлау комиссиясы

Көкпекті а., Құдайберген Нұрғалиев 14, «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Төрағасы –Қажыгелді Қ.Х., төраға орынбасары – Акижанова А.С., хатшысы – Сайфуллақызы А., мүшелері: Амиргалина А.Б., Бакытбек Г.Н.

№ 3 округтік сайлау комиссиясы

Көкпекті а., К. Бакин көшесі 27, «Бос уақыт орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Төрағасы – Қабден А. , төраға орынбасары – Акабасова Н.А., хатшысы – Акмолдина Н.Н., мүшелері: Терликпаева Г.К., Садыкова Ж.А.

№ 4 округтік сайлау комиссиясы

Көкпекті а., Қалихан Алтынбаев 6, «Балерке» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ғимараты.

Төрағасы – Рсымбетова Б.Ж., төраға орынбасары – Орынғазина Ж.Е., хатшысы – Солтангалиева А.Ж., мүшелері: Сулейменова А.А., Калиева А.Е.,

№ 5 округтік сайлау комиссиясы

Үлкенбөкен а., Болғанбаев көшесі 3, ауылдық клуб ғимараты.

Төрағасы – Баймолдин К.К, заместитель председателя - Жотобаев Е.К., хатшысы – Селеубаева Ж.М., мүшелері: Алдабергенова М.С., Такырбасов М.А.

№ 6 округтік сайлау комиссиясы

Преображенка а., Заречная көшесі, н/ж, мәдениет үйінің ғимараты.

Төрағасы – Сатыбалдина Г.М., төраға орынбасары – Каримова М.Ж., хатшысы – Кенжалина Ш.К., мүшелері: Бытымбаев М.М., Ескалмасов Т.Н.

№ 7 округтік сайлау комиссиясы

Теректы а., Мұқағали Мақатаев көшесі 1, «Қ.Аухадиев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты.

Төрағасы – Назарханова А.У., төраға орынбасары – Сарсенбаев Д.А., хатшысы – Бытымбаева Г.К., мүшелері: Темирбекова К.Т., Рахимжанова С.Е.

№ 8 округтік сайлау комиссиясы

Үлгілімалшы а., Жамбыл көшесі 17, ауылдық клуб ғимараты.

Төрағасы – Байтунов А.Е., төраға орынбасары – Сагимбаев Р.С., хатшысы – Назкеева Н.Б., мүшелері: Жампеисова Ж.Ж., Кокпаева Г.А.

№ 9 округтік сайлау комиссиясы

Көкжайық а., Ауэзова көшесі 43, ауылдық клуб ғимараты.

Төрағасы – Нукушева С.Т., төраға орынбасары – Кинуашева А.С., хатшысы – Чукуева Г.А., мүшелері: Бекмухамбетов О.Ч., Оспанова А.М.

№ 10 округтік сайлау комиссиясы

Тассай а., М.Төлегенов 62, ауылдық клуб ғимараты.

Төрағасы – Садыкова М.Ж., төраға орынбасары – Бапабаев Т.К., хатшысы – Маханова А.К., мүшелері: Смагулов Е.Н., Катпина А.А.

 

Көкпекті аудандық мәслихатының № 376 сайлау комиссиясының және 10 округтік сайлау комиссиясының жаңа құрамын құру қорытындылары туралы Хабар
Дата публикации
20 января 2023