Көкпекті аудандық мәслихатының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 45-5/2 шешімі
Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 10-13/1 «Көкпекті ауданының аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларын мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
cайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 381
Бутабаева Карашаш Жандарбековна - Абай облысы бойынша «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің өңірлік филиалынан.
№ 384
Тусупжанов Серикбол Булатбекович – «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалынан.
№ 393
Айдарханова Гулайым Мухаметкалиевна - «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалынан.
№ 397
Калиев Мерхат Газизович - «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының» Абай облысының кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігінің «Көкпекті аудандық комитеті» филиалынан.
№ 398
Дюсенбаева Айнур Мухтарбековна - «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Абай облысы бойынша филиалынан.
Көкпекті аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов