Көкпекті аудандық мәслихатының 2026 жылғы 2 шілдедегі № 45-5/1 шешімі
Көкпекті аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы № 29-6 «Көкпекті ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 10, 19-баптарына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшелерінің орнына сайлансын:
№ 1
Назарханова Гульжан Аскаровна – «Көкпекті аудандық Ауғанстандағы соғыс ардагерлері үйымы» қоғамдық бірлестігінен.
№ 2
Ершенова Бакытгуль Мухаметкаримовна - «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі Абай облысының Көкпекті аудандық филиалынан.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Т. Сарманов