Абай облысының «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2023 жылдың 10 қараша күні Көкпекті ауылында Дене шынықтыру және сауықтыру орталығы, Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі және Көкпекті орта мектебінің спорт залдарында қыздар арасында волейболдан Абай облысының Ұлттық мектеп лигасының аудандық іріктеу кезеңі өтті.
Жарысқа аудан мектептердің 5-6, 7-8 және 9-11 сынып оқушылары қатысты. Жарыстар қолданыстағы FIVB халықаралық ережелері бойынша өткізілді.
Бұл жарыста 5-6 сыныптар аралығында қыздар арасында 3 команда қатысып, жүлделі 1 орынға Шайжүнісов атындағы орта мектебінің командасы ие болса, 2 орын Үлкенбөкен орта мектебі, ал 3 орын Преображенка орта мектебіне бұйырды.
7-8 сынып аралығында қыздар арасында өткен жарыста 1 орынға Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі, 2 - 3 орынды Көкпекті орта мектебі және Абай атындағы мектеп-балабақша кешені жеңіп алды.
Қыздар арасында 9-11 сынып аралығында өткен жарыста 1 орынды Абай атындағы мектеп балабақша кешені, 2 орын Көкпекті орта мектебі, сондай-ақ 3 орынды Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі командалары еншіледі.
Ұлттық мектеп лигасының аудандық кезеңінде ерекше көзге түсіп, жеңімпаз атанған командалары Семей қаласында волейболдан ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңіне қатысады.