
Білім бөлімінің басшысы А. Б. Танысбаевтың төрағалығымен Көкпекті ауданының білім бөлімінің басшыларымен және білім беру ұйымдарындағы басшының шаруашылық ісі жөніндегі орынбасарларымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске Көкпекті ауданының ТЖБ аға лейтенант Ауесханов Дулат Ергазинович, Көкпекті ауданының АПБ-ң кәмелеттік жасқа толмаған істері жөніндегі инспекторы, аға лейтенант Құдайберген Берік Советұлы қатысты.
Білім беру бөлімінің әдіскері К. Д. Джунусбеков білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етудің жай-күйі туралы хабардар етті.
Полиция және төтенше жағдайлар бөлімінің өкілдері, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру туралы ақпарат берді.
Жиын соңында білім бөлімінің басшысы А. Б. Танысбаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан білім беру ұйымдарына мониторинг жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарын кешенді қауіпсіздік жүйесімен, атап айтқанда турникеттермен, бейнекамералармен және дауыстық хабарландырумен жарақтандыруды уақтылы аяқтауды тапсырды.