«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

2022 жылдың 2 қарашасы күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Көкпекті орта мектебінде «Оқуға құштар мектеп» жобасының аясында мектеп кітапханасында іс-шаралардың ұйымдастырылуы» тақырыбында жалпы білім беретін мектеп кітапханашыларының аудандық семинары болып өтті. Семинарға білім бөлімінің әдіскері Кравченко Н.А. және мектеп кітапханашылары қатысты.
Семинардың мақсаты: «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру, семинарда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, оқырмандардың оқу мәртебесі арттыру және интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру, өзара тәжірибе алмасып, әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану.
Әдіскер Кравченко Н.А. семинарды ашып, семинардың мақсаты,бағыт-бағдары туралы айтып, ұйымдастырылып отырған семинардың маңыздылығына тоқталып өтіп, кітапханашылар жұмысына сәттілік тіледі.
Көкпекті орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Дүйсебаева С.А. «Оқуға құштар мектеп»- жобасының аясында мектеп кітапханасында іс-шаралардың ұйымдастырылуы» тақырыбында өз іс-тәжірибесімен бөлісті. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында 2022 жылдың 13- 14 маусымы аралығында Щучье қаласында мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізген семинарда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдаланғанын, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру мақсатында өткізген іс-шаралардағы оқытудың жаңа әдістерді қалай қолданғанын, оның тиімділігін, оқырмандардың қызығушылығын слайд арқылы таныстырды. Қазіргі мектеп кітапханасы дизайнына сәйкес кітапхананы зоналарға бөлгенін көрсетті: демалу, жеке жұмыс орны, топтық жұмыс, мультимедиялық зона, кітап көрмелері бұрышына. «Оқы да жалғастыр» атты топтық практикалық жұмыс жүргізді.
Ж. Шайжүнісов атындағы кітапхана меңгерушісі Амангазыева А.Б. оқушы шығармашылығын дамытуда ізденімпаздыққа «Оқуға құштар мектеп»- жобасының аясында өткен іс-шаралар арқылы мектеп оқушыларының кітап оқуға белсенділігін, оқырмандық мәдени тәрбиесін арттыру» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті. Заманауи әдістер оқушыларды кітап оқуға ынталандыратынын, сындарлы ойлауға, жаңа интерактивті әдістердің маңызды, тиімді болғанын айтты.
Әдіскер Кравченко Н.А. кітапханашыларға көпшілік іс-шараларды ұйымдастырудың түрлерін, кітапханада қолданылатын әдіс-тәсілдер және ойындар тізбесін ұсынды, «Заманауи кітапханашы қандай болу керек?» тақырыбында сауалнама жүргізді.
Семинар соңында кітапханашылар семинар туралы пікірін стикерге жазып, «Күн нұры» тақтасына жапсырды. Қатысушылар семинардан көптеген ақпараттар жинап, жаңашылдыққа ұмтылыс, серпін алып тарқасты.