
2022 жылдың 1 қарашасы күні Оқушылар шығармашылық сарайында аудандық «Қосымша білім беру ұйымының үздік педагогы» байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – педагогтардың біліктіліктерін арттыру, шығармашылық дамуға ынталандыру, тәжірибе алмасу.
Байқауда К.Туенбаева, А.Есполова, Н.Келербекова сынды педагогтар бақ сынады. Әр қатысушы байқау кезеңдеріне деген ерекше шығармашылық дайындығын көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде - «Қосымша білім беру ұйымының үздік педагогы» атағын Назым Жұмабекқызы Келербекова жеңіп алды. «Үздік шебер сынып» аталымы вокал сыныбының мұғалімі Айдана Ермекқызы Есполоваға берілсе, сондай-ақ «Үздік портфолио» аталымын «Абай Әлемі» үйірмесінің жетекшісі Клара Қайыпжанқызы Туенбаева алды. Іс-шара соңында әділқазылар алқасы жеңімпаздарға жылы лебіздерін білдіріп, мадақтамалар табыстады.