2023 жылдың 6 қарашасында 8-11 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
Байқау 5 бағыт бойынша жүргізілді.
1. «Ұлы арман» - Махамбет шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу.
2. «Ел құтқарар ер едім...» -Махамбет шығармаларын жатқа оқу конкурсы.
3. «Шашақты найза, шалқар күй» - Махамбет күйлерін орындаушылар конкурсы.
4. «Тартынбай сөйлер асылмын...» жас ақындардың өз туындыларын мәнерлеп оқу конкурсы.
5. «Біз неткен ер, неткен ер?
Сергелдеңмен өткен ер» - «Хандар мен ел билеушілер», «Батырлар» тақырыбының бірін қорғау.
Байқау қорытындысы бойынша облыстық кезеңге өткен оқушылар: Омаргазина Аянат «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ, 8-сынып оқушысы; Шынарбеков Айқын «Абай атындағы мектеп-балбақша кешені» КММ, 8-сынып оқушысы; Еркінқызы Гүлім «Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебі» КММ
8-сынып оқушысы; Бақытжанова Азамат «Қ. Аухадиев атындағы орта мектебі»КММ,11-сынып оқушысы; Муратханова Салима «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ,9-сынып оқушысы; Ерболқызы Айым «М. Әуезов атындағы орта мектебі» КММ,8-сынып оқушысы