Меню

Страницы

Статья

Көкпекті ауданы бойынша «Инклюзивті білім беруді дамыту» жобасын жүзеге асыру туралы

         Көкпекті ауданында  2022-2023 оқу жылында  ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар саны-69  (0 дан  18 жасқа дейін), оның ішінде  11 мектеп жасына  дейінгі балалар, 58 мектеп жасындағы балалар.

         Мектеп жасындағы балалардың 58-і (9 мектеп) инклюзивті біліммен қамтылса.

Ж.Шайжүнісов атындағы мектеп базасында балаларды инклюзивті оқытатын басқа мектептер үшін әдістемелік орталыққа айналған ресурстық орталық жұмыс істейді.Ресурстық орталық қызметінің мақсаты – инклюзивті білім беру ұйымдарын ғылыми-әдістемелік, консультативтік-ақпараттық сүйемелдеумен қамтамасыз ету. Бұл ұйымға деффектологтың штат бірлігі енгізілген. Деффектолог маманға жұмыс барысында қолдануға   қажетті құрал-жабдықтар қамтамасыз етілген.

Ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін барынша қолайлы орта орнату, сапалы білім беру мақсатында пән мұғалімдерімен,«Инклюзивті білім беру жағдайында ерекше қажеттіліктері бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері», «Инклюзивті білім беру жағдайында заманауи технологияларды тиімді пайдалану», педагог-психологтармен бірлесе «Инклюзивті білім беру аясында мектеп пен отбасының өзара әрекеттестігі»,«Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналарға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету»тақырыптарында аудандық семинарлар өтті.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылар аудандық, облыстық  көлемінде өтетін сайыстарға қалауы мен мүмкіндіктеріне қарай белсене қатысады.

Білім беру ұйымдарының тәрбиешілері мен педагогтері ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасауда тиісті кәсіптік-педагогикалық даярлықтан 82 пән мұғалімі арнайы біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Бүгінгі таңда ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін жағдай жасаған аудан мектептерінің үлесі 50% (9 мектеп), құрайды.

Аудан мектептеріндегі инклюзивті білім беру жағдайы бойынша мониторинг жүргізіледі. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беруді дамыту бойынша атқарылған жұмыстардың есептері жинақталады.

Білім беру ұйымдары ерекше білім беруілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларға жағдай жасауды қамтамасыз ету (арнайы жабдықтармен, жиһазбен, кадрлармен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен және т.б. жарақтандыру) жұмысын жалғастыратын болады.

Дата публикации
17 марта 2023
Дата обновления
17 марта 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
07 ноября 2023
«Махамбет оқулары» байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
19 октября 2023
Кеңес беру пункті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы