Абай облысының білім басқармасы 2023 жылдың 1 - 6 тамыз аралығында сағат 9.00 – 17.00-ге дейін Семей қаласының «Ертіс» сауда орталығында (Сәтбаев к/сі 164, Тері өңдеу зауыты ауданы) «Абай облысында өндірілген мектеп формасының жәрмеңкесі» атты көрмесі өтетінін хабарлайды. Жәрмеңкеде «Семспецодежда» ЖШС, «Омаровых» ательесі, «УК Юнис» ЖШС, «Vaskania» ЖШС, "Семипалатинская обувная фабрика"ЖШС және тағы басқа облысымыздың отандық тауар өндірушілерінің тауарлары ұсынылады, ол ұл мен қыз балаларға арналған мектепке керек-жарақтары, оның ішінде мектеп формасы, аяқ киім, спорттық киім, кеңсе тауарлары және т.б.

Дата публикации
28 июля 2023