1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында Көкпекті ауданы бойынша "Мектепке жол - шекарасыз жақсылық" атты дәстүрлі Республикалық қайырымдылық акциясы өтуде. «Мектепке жол-шекарасыз жақсылық!»
Ағымдағы жылдың 1-27 тамызында «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы аясында ауданның аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан 186 балаға демеушілер тарапынан 1млн 953 мың теңге көлемінде оқу құралдары, аяқ киімдер, спорттық киімдер табысталды. @abai_bilim-basqarmasy @otdel_obrazovanie_kokpektу.
Президенттің 2022 жылғы 19 қаңтардағы 780 жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде 1 тамыз- 30 қыркүйек аралығында ұйымдастырылып отырған Республикалық "Мектепке жол" акциясы өткізілуде. Республикалық қайырымдылық акциясы "Мектепке жол - шекарасыз жақсылық" атты ұранмен өтуде.
Аудандағы білім беру ұйымдарында 1-22 тамыз аралығында 119 балаға 1029 мың 950 теңгенің көлемінде оқу құралдары, спорттық киімдер, аяқ киімдер, мектеп формасы берілді. Оның ішінде 54 көп балалы, 48 аз қамтылған, 12 толық емес отбасы , 5 қамқорлықтағы балаларға көмек берілді. Көмек алған 65 отбасы. Сонымен қатар жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен 14 мектептің 572 оқушысы мектеп формасы мен аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қазіргі уақытта мектеп формасы 292 оқушыға таратылды. Осы уақыт аралығында демеушілерге көрсеткен көмектері үшін шексіз алғыс білдіреміз!!
Жақсылық жасап жарысайық!