
Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңсыз көші-қонға қарсы күрес шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып елде жүрген Қытайдың 13 азаматын анықтап, ұстады.
Тексеру барысында шетелдіктердің Қазақстан аумағында халықаралық интернет-алаяқтықтың жасырын схемасын ұйымдастырғаны анықталды.
Олардан көптеген компьютерлік техника, ұялы телефондар, «Starlink» спутниктік интернет байланысы жабдықтарының жиынтықтары, сондай-ақ криптоәмияндардағы ірі көлемдегі қаражат табылды.
Топтың әрекеттері Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын өзге елдердің азаматтарына қарсы бағытталған және шетелден үйлестіріліп отырған.
Осыған байланысты одан әрі тексеру Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігіндегі әріптестермен бірлесіп жүргізілді. Ұсталғандардың кейбірі өз елінде осыған ұқсас әрекеттері үшін іздеуде жүргені анықталды.
2026 жылдың 16 қазанда шетел азаматтары әкімшілік тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылып, одан әрі тергеп-тексеру жүргізу үшін ҚХР-ның уәкілетті органдарына тапсырылды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей және Өзбекстанның арнайы қызметтерімен бірлесіп, Ауғанстаннан «Солтүстік бағдар» деп аталатын бағыт арқылы есірткіні контрабандалық жолмен тасымалдау арнасының жолын кесті.
Операция нәтижесінде Ресей Федерациясының Түмен қаласында халықаралық есірткі тобының екі мүшесі ұсталды.
Тінту барысында олардан қара нарықтағы құны шамамен 300 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 30 кг ауған гашиші тәркіленді.
Аталған факті бойынша Ресейдің құзыретті органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.
Халықаралық есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
Биыл қыркүйекте ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықты тіркеді
Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу, тонау, алаяқтық, заңсыздық және қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты.
Қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды.
81 қылмыстық істің тергеуі аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді.
Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) 3,7 млрдтеңгені құрады.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Әбдіқалықов пен судья С. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Аталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүйелі жұмыс жалғасуда.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 2 қазанда ҰҚК ҚР ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросымен өзара әрекеттесіп Бас прокуратураның үйлестіруімен халықаралық іздеуде болған ҚР азаматын шетелден Астана қаласына жеткізді.
Аталған тұлға аса ірі мөлшерде алаяқтық әрекет жасағаны үшін күдікке ілініп, 2021 жылдан бері сот төрелігінен жасырынып жүрген.
Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалды.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылдың қыркүйегінде ҰҚК Бас прокуратурамен бірлесіп, Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватындағы лауазымды адамдарының құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, іс фигуранттары ағашты жаппай заңсыз кесу және оны өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдіктелуде. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін ең өтімді орман учаскелеріне кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз еткен.
Тінту барысында бухгалтерлік құжаттама, кесуге арналған орман орамдары мен ақша қаражатын бөлу туралы қолмен жазылған жазбалар, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 366-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесе және прокуратураның үйлестіруімен еліміздің 10 өңірінде ұйымдасқан қылмыстық топ қатысушыларының, шекара маңындағы, сондай-ақ қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі қылмыстық схемалардың заңсыз әрекетінің жолын кесу бойынша бір мезгілде арнайы операция жүргізді.
Ауыр және аса ауыр қылмыстар жасады деген күдікпен 29 адам ұсталып, жеткізілді, оның 9-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Операция барысында заңсыз айналымнан 25 бірлік қару, 2 граната және 236 бірлік оқ-дәрі тәркіленді.
Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 15 қыркүйекте Бурабайда түркі мемлекеттері арнаулы қызметтері конференциясының 28-ші отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ мен СБҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Түркияның ҰБҰ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.
Құрметті қонақтар ретінде Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Венгрияның Ақпараттық офисінің өкілдері шақырылды.
Кездесуге қатысушылар әлемдегі жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, заманауи қауіп-қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық жөніндегі шараларды талқылады.
Конференция соңында қорытынды құжатқа қол қойылды.
ҰҚК баспасөз қызметі
2026 жылғы 14 қыркүйекте Бурабайда қазіргі заманғы қатерлер жағдайында өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған Орталық Азия мемлекеттері мен Әзірбайжан арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі өтті.
Іс-шараға Қазақстанның ҰҚК, Әзербайжанның МҚҚ, Қырғызстанның ҰҚМК, Тәжікстанның ҰҚМК, Түрікменстанның ҰҚМ және Өзбекстанның МҚҚ басшылары қатысты.
Кездесуге қатысушылар жағдайды бағалау бойынша пікір алмасып, терроризмге, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымына, сондай-ақ трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылықты одан әрі нығайту мақсатында өзара тығыз іс-қимылды жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Биылғы тамызда СЖҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.
Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.
Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
ҰҚК баспасөз қызметі