Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған бильярдтан халықаралық турнир туралы

Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған бильярдтан халықаралық турнир туралы

2018 жылғы 20-21 сәуірде Астанада Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан мен Украина қауіпсіздік органдары – арнайы қызметтері мен күштік құрылымдарының Ұлы Жеңістің 73 жылдығы мен Астана қаласының 20 жылдығына арналған бильярд спортынан халықаралық турнирі өтті.

Іс-шараға қатысушылар Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға тағзым етіп, Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.  

Турнир нәтижелері бойынша бірінші орынды ҚР МКҚ Ардагерлер одағының командасы, екінші орынды – ҚР ҰҚК ШҚ, үшінші орынды – РФ ФКҚ иеленді.   

Жеке біріншілікте ҚР ҰҚК өкілі жеңімпаз атанды. 

Іс-шара соңында Қазақстан арнайы қызметтері мен достастық елдері ардагерлері ұйымдарының басшылығы алдағы уақыттағы өзара іс-қимыл және ынтымақтастық мәселелерін талқылады.