
2018 жылғы 25 мамырда Алматы қ. халықаралық әуежайында ҚР ҰҚК Алматы қ. бойынша департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында мүшелері өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, Түркиядан зергерлік бұйымдар контрабандасын жүзеге асырған ұйымдасқан топтың қылмыстық әрекетінің жолын кесті.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде олардан 103 миллион теңге сомасына салмағы 13 кг артық зергерлік бұйым алынды.
Осы факт бойынша ҚР ҚК 234-бабы 3-б. 1-т. бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
ҰҚК баспасөз қызметі