Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының отырысы туралы

2018 жылғы 14 маусымда Астана қаласында ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді.

Консультативтік-кеңесші органның жұмысы барысында мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру алгоритмін қолдады.  

Мемлекеттік, стратегиялық және маңызды өндірістік объектілердің, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындардың терроризмге қарсы қорғанысын ұйымдастыруға ұстанымдарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар талқыланды.

Қазақстан Республикасы астанасының 20 жылдығын мерекелеу кезеңінде қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге әзірлік қаралды.

ТҚО отырысының нәтижелері бойынша бірқатар тиісті хаттамалық шешімдер қабылданды.