
2018 жылғы 11 тамызда ҚР ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Өскемен қаласында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті музейінінің ашылуына байланысты салтанатты іс-шараға қатысты.
Ол ҰҚКД-нің жаңартылған әкімшілік ғимараты, мұрағаты, қауіпсіздік жүйесі, іргелес аумағы жабдықталуының сапалы деңгейін атап өтті. Құрылған «Дағдарыс орталығының» қызметімен және жұмысымен танысты.
Құрметті қонақ ретінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов және ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагерлері болды.
ҚР ҰҚК Баспасөз қызметі